Париж-2024 • Бүгін, 11:51

Олимпиадада 9-орын алған спортшыға пәтер берілді

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан үстел теннисі федерациясы Париж Олимпиадасында 9-орыннан көрінген Кирилл Герасименкоға Астанадан 2 бөлмелі пәтер сыйлады, деп жазады Egemen.kz.

Олимпиадада 9-орын алған спортшыға пәтер берілді

Фото: Қазақстан үстел теннисі федерациясы

Федерация Кирилл Герасименконың дүбірлі додада жоғары деңгейде жарқын өнер көрсеткенін және бұған дейін осы спорт түрінен мұндай көрсеткіш тіркелмегенін мәлімдеді. 

Кирилл Герасименко Олимпиаданың алғашқы айналымында Панамерика ойындарының жартылай финалына дейін жеткен чилилік Николас Бургостан басым түсті. Екінші кезеңде Еуропа чемпионы, командалық әлем чемпионатының күміс жүлдегері Дан Цюға (Германия) минималды есеп бойынша (12:10, 12:10, 11:9) есе жіберді.

Олимпиададан кейін Кирилл Герасименко әлемдік рейтингте 46-орыннан 37-орынға көтерілді.