Фото:polisia.kz
Павлодар облысы Полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты бүгін сағат 10:00 шамасында қаладағы ЖШС-лардың бірінің аумағында болған. ПАЗ көлігінің жүргізушісі рөлді тізгіндей алмай, кюветке түсіп кеткен.
Анықталғандай, автобус салонында ЖШС-нің 24 қызметкері кетіп бара жатқан. Зардап шеккендер бар. Бірақ олардың нақты саны әзірге белгісіз.