Энергетика • 12 Тамыз, 2024

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап электр қуаты қымбаттайды

166 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Энергетика министрлігі электр энергиясына жаңа шекті тарифтерді бекітуді ұсынады. Тиісті бұйрықтың жобасы «Ашық заңды тұлғалар» порталында жарияланған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап электр қуаты қымбаттайды

фото:gov.kz

Ведомствода түсіндірілгендей, түзету энергия өндіруші ұйымдарға тәуелсіз электр энергиясын өндіруге арналған базалық шығындардың, атап айтқанда, отынға (оның ішінде газға және оны тасымалдауға, бағаның 2024 жылғы 1 шілдеден бастап өсуіне), жалақыға және жөндеу жұмыстарына арналған шығындардың ұлғаюымен байланысты.

Электр энергиясын сататын энергия өндіруші ұйымдардың келесі топтары үшін 2024-2025 жылдарға арналған жаңа шекті тарифтерді белгілеу ұсынылады:

Б.Нұржанов атындағы Екібастұз ГРЭС-1 ЖШС – сағатына киловатт үшін 8,27 теңге (2024-2025 жылдарға қолданыстағы тариф сағатына киловатт үшін 8,05 теңге);
«Еуро-Азия энергетикалық корпорациясы» АҚ – 7,98 (7,4);
«Астана-Энергия» АҚ – 9,28 (8,49);
«Қазақстан алюминийі» АҚ – 7,87 (6,05);
«Степногорск ЖЭО» ЖШС – 28,97 (22,58);
«Жаңажолская ГТЭС» ЖШС – 11,85 (11,44);
«З-Энергоорталық» АҚ – 15.09 (13.79);
«ТНК «Қазхром» АҚ – 10,67 (7,59);

Құжат жобасы 2024 жылдың 23 тамызына дейін қоғамдық талқылауға ұсынылды. Ал бұйрық қабылданса, биылғы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қолданысқа енгізіледі.