Қаржы • Бүгін, 15:15

Олимпиадада үздік алтылықтан көрінген спортшыларға қанша сыйақы беріледі

29 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Парижде өткен Олимпиада ойындарында Қазақстан қоржынына 7 медаль түсті. Әр жүлде үшін спортшыларға берілген сыйақы мөлшері жарияланды, деп хабарлайды Egemen.kz.  

Олимпиадада үздік алтылықтан көрінген спортшыларға қанша сыйақы беріледі

фото: sports.kz

Заң бойынша алтын медаль алған ел спортшыларына 250 мың доллар, күміс үшін 150 мың, қола жүлде иегерлеріне 75 мың доллар сыйақы төленеді. Сонымен қатар 4, 5 және 6-орындар үшін де 30, 10 және 5 мың доллар беріледі.

Париж Олимпиадасында көрсеткен өнері үшін ақшалай сыйлық алатын ел спортшыларының толық тізімі:

Елдос Сметов (алтын) – 250 мың доллар.
Нариман Құрбанов (күміс) – 150 мың доллар.
Демеу Жадыраев (күміс) – 150 мың доллар.
Нұрбек Оралбай (күміс) – 150 мың доллар.
Александра Ле мен Ислам Сәтбаев (қола) – әрқайсысына 75 мың доллар.
Назым Қызайбай (қола) – 75 мың доллар.
Ғұсман Қырғызбаев (қола) – 75 мың доллар.
Милад Карими (5-орын) – 10 мың доллар.
Абиба Әбужақынова (5-орын) – 10 мың доллар.
Әмір Маймұратов (5-орын) – 10 мың доллар.
Айбек Оралбай (5-орын) – 10 мың доллар.
Мұхаммедсабыр Базарбайұлы (5-орын) – 10 мың доллар.
Сәкен Бибосынов (5-орын) – 10 мың доллар.
Александра Ле (6-орын) – 5 мың доллар.

Семсерлесуден Қазақстан құрамасының спортшылары Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарламов, Ерлік Сертай (6-орын) 5 мың доллардан алады.

2024 жылғы Олимпиада қорытындысы бойынша Қазақстан спортшыларға 1 миллион 85 мың доллар, яғни 477 миллион теңге төлейді.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы медальдық есепте 43-орынға тұрақтады.

Бұған дейін Олимпиада жүлдесіне бір қадам жетпей қалған ел атлеттерінің аты-жөнін жариялаған едік.