Қоғам • 13 Тамыз, 2024

«Балқаш Жылу» директорының орынбасары мен бас бухгалтері сотталды

114 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Балқаш Жылу» ЖШС директорының бұрынғы орынбасары және кәсіпорынның бас бухгалтері бюджет қаражатын ұрлағаны үшін сотталды, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Балқаш Жылу» директорының орынбасары мен бас бухгалтері сотталды

фото: gov.kz

Аталған азаматтарға қатысты қылмыстық істі Қаржылық мониторингі агенттігі тергеп-тексерген.

Сотталған азаматтар 2020 жылғы маусым мен 2023 жылғы қаңтар аралығында Балқаш ЖЭО мен Балқаш қаласын жылумен жабдықтау желілерін жөндеуге және жұмысын үздіксіз қамтамасыз етуге арналған бюджет қаражатын іс жүзінде қандай да бір азаматтық-құқықтық мәмілелер жасалмаған жалған кәсіпорындардың шоттарына негізсіз аудару жолымен ұрлаған.

Жалпы сомасы 708 млн теңге болатын ұрланған қаражат оны пайдаланудан кіріс алу үшін жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау арқылы заңдастырылды.

Тергеу барысында күдіктілер 144 млн теңгені ақшалай қайтарды.

Кінәлі адамдарды сот 5,5 жыл және 5 жылға бас бостандығынан айырды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Мемлекет кірісіне 3 бөлмелі пәтер мен Lexus автокөлігі тәркіленді.

Соңғы жаңалықтар

Қайтқан активте қайыр бар  

Заң • 21 Маусым, 2025

Полицейді неге бөтенсиміз?

Пікір • 21 Маусым, 2025

Ауылдың «ауруын» жасырмайық

Пікір • 21 Маусым, 2025

Жедел жәрдем жұмысындағы жаңалық

Медицина • 21 Маусым, 2025

Емхана – ел игілігіне

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

Жол жаңарту жалғасады

Аймақтар • 21 Маусым, 2025

100 жүк вагоны шығарылды

Өндіріс • 21 Маусым, 2025