Спорт • 13 Тамыз, 2024

Геннадий Головкин Парижде қорытынды кездесулер өткізді

91 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Париждегі Олимпиада ойындарында шешуші кездесулер өткізіп, бірқатар маңызды мәселені талқылады. Бұл туралы Ұлттық Олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Геннадий Головкин Парижде қорытынды кездесулер өткізді

Фото: ҰОК

Кездесулер барысында Қазақстан мен Азия құрлығында спортты дамыту мәселелері талқыланды.

Қазақстан ҰОК басшысы Ұлттық Олимпиадалық комитеттер Қауымдастығының (ҰОКҚ) президенті Роберт Митчелл мен ұйымның бас хатшысы Гунилла Линдбергпен өткен кездесуде ҰОКҚ Бас Ассамблеясына дайындық барысына тоқталды. Ассамблея отырысы осы  жылдың қарашасында Португалияда өтеді. Одан бөлек, 2025-2028 жылдарға арналған Олимпиадалық ниеттестік бағдарламасы егжей-тегжейлі талқыланды.

Ұлттық Олимпиадалық комитеттерді қолдау және Қазақстанның халықаралық спорттық қоғамдастықтағы ролін нығайтып, отандық спортты дамытуға қосымша күш беретін Олимпиадалық қозғалысты ғаламдық деңгейде дамыту стратегиясы да талқыланды.

«Біз халықаралық қоғамдастық тарапынан Қазақстан ҰОК жаңа президентіне деген үлкен қызығушылық байқап отырмыз және  оның әлемдік спорттағы ірі тұлға екені, сонымен қатар, олимпиадашы ретінде танылғаны да біздің қызметімізге оң әсер етуде. Біз ҰОК-ке келген бірнеше ай ішінде халықаралық бағытты реттеуге арналған ауқымды жұмыс атқарылды. Командамыздың әу бастан таңдаған стратегиясы да осы болатын. Парижде өткен кездесулер тек бастамасы ғана, алдағы күз айлары ҰОК үшін қарбаласқа толы болмақ», деді Қазақстан ҰОК бас хатшысы Жанар Утешева.