23 Қаңтар, 2015

487 ұлттың өкілі

306 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Ынтымақ ырғағы

Табалдырығымыздан аттаған жыл ел бірлігінің, татулықтың жылы болып тұр. Бұл іске биыл Алматы шаһарының белсенді жастары да араласатын болады. Және осы бастамаға Қазақстандағы талай ұлттың қызына жоғары білім берген Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті де қосылды. Осынау шаралар Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналады. IMG_3497 70 жыл ішінде Алматыдағы қыздар университетінде білім алған Сонымен, қыздар уни­вер­ситетінде «Менің Қазақстаным!» атауымен өткен ауқымды бас­қо­суда әртүрлі ЖОО-да білім алып жатқан тегі – бөлек, теңдігі – бір, түрлі этнос өкілдері қазақ­стандық патриотизм моделін нығайту, ұлтаралық татулық пен достық қатынас, этносаралық то­ле­ранттылық пен қоғамдық келі­сім тақырыбында дидарласты. Жастардың ауызбіршілігіне бас­таған жиынды Қыздар педу­ни­вер­си­т­е­тінің ректоры Динар Нөкетаева ашып, елдіктің жолы, Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихы, татулыққа қосқан үлесі жайлы студенттерге жан-жақты әңгімелей келе: – ...Мемлекеттің тыныс-тір­шілігі, қайнаған өмірінің кіш­кен­тай көрінісі біздің киелі шаңы­ра­ғымызда өтіп жатыр. Арман қуып әсем Алматыға аяқ басқан қыздар арулар ордасына табан тіреп, сапалы білім алып, білікті маман болып шығып жатқандарына, міне, 70 жылдан асты. Қазақтың ғана емес, қырғыз, өзбек ағайындардан бастап, ұйғыр, тәжік, күрд, орыс, украин, корей секілді 480-нен аса өзге ұлт өкілдері білім алып жат­қан тілегі бір қыздарына Қыздар университеті үлкен тірекке айналды, – деді. Одан әрі сөз алған «Мем­ле­кет­тік тілге құрмет» бірлестігінің төрайымы, Қазақстан халқы Ас­самблеясының мүшесі Асылы Осман: «Бүгін келе­шегі­міздің кепілі, Алматының бетке ұстар қаймағы – жастар бас қосып отыр­ған маңызды күн. Бүгінгі таңда Елба­сының қойып отыр­ған негізгі мақсаты да ел бір­лігі. Ол бірліктің тұтқа­сы да, ұйыт­қысы да, келешегі де жас­тар деп үміт артып отыр, сол сенім­ді ақтайтындай елдің мықты қайрат­кері, елін сүйген, жерін сүйген азамат­тары болыңдар. Ел бірлігін ақ қар­дай асқақтата біліңдер, елдің ынты­мағына, татулығына ұйытқы болыңдар! Қыздар университетінде оқитын көптеген өзге ұлт өкілдерінен тұратын сіңлілеріме апалық ретінде айтар назым «Тілді білген адам ғана сол ұлтты құрметтейді, салтына, дәстүріне бойлайды», – деді. Шара барысында Қыздар универ­ситетінде білім алып жатқан өзге ұлт өкілдері де татулық пен ынтымақ туралы өз ой-пікірлерін білдіріп, жүрекжарды тілектерін жеткізді. Атап өте кетейік, арулар ордасында қазіргі таңда 480-нен аса өзге ұлт өкілі оқиды. Жиын соңында белсенді жастар Қазақстан халқы Ассам­блеясының 20 жылдығына орай арнайы қарар қабылдады. Онда: ««Мәңгілік Ел» болуға бет алған Қазақ елінің «алтын» жастары болашаққа үлкен сенім білдіре отырып, ұлтының өсіп-өр­кен­деуіне ықпал ететін, өркениетті ел азаматы болуға дайындалуда. Сондықтан, біз алдымызға нақты міндеттер қоя отырып, мықты да бәсекеге қабілетті «Мәңгі Қазақстанды» құру үшін аянбай тер төгеміз, барлық жастық күш-жігерімізді арнаймыз!» делінген. Айнаш ЕСАЛИ, «Егемен Қазақстан». АЛМАТЫ.

 Жарасымдылық

аветик амирханянАветик АМИРХАНЯН, «Айдана» ЖШС директоры, «Мирзоян» армян этномәдени қоғамдық бірлестігінің төрағасы, қалалық мәслихаттың депутаты. Қазақ елінің егеменді ел атан­ғанына 23 жылдан асты. Осы уақыт ішінде Елбасы Нұрсұлтан На­зарбаевтың бастамасымен елі­мізде көптеген инновациялық бағ­дарламалар жүзеге асырылды. Нәтижесінде Қазақстан экономи­касы дамыған өркенді елге айналды. Бүгінде Қазақ елін бүкіл әлем таниды, оның басшысының көре­гендігін барша жұрт мойындайды. Өзім жеке кәсіппен айналысатын болғандықтан, кәсіпкерлерге жасалып жатқан жеңілдіктерді жиі пайдаланамын. Басқа елдерде кәсіпкерлерге мұндай қолдау жасалмайды. Өзге мемлекеттің кәсіпкерлері бізге қызыға қарайды. Елбасының сарабдал саяса­ты­ның арқасында біздің елімізде бар халықтың өкілі бірдей жағдайда, ын­тымақтаса өмір сүруде. Түрлі ұлт өкілдерінің тату-тәтті өмір сүруі­нің арқа­сында Қазақстанда саяси жағдай тұрақты. Мен осын­дай дархан да бауырмал, қонақ­жай елде тұра­тынымды мақтан тұтамын. Менің және балала­рымның Ота­ны­на айналған Қазақ елінің еге­мен­дігі мәңгілік болсын! Батыс Қазақстан облысы.