27 Сәуір, 2015

Сайлаушылар белсенділігі жоғары

343 рет
көрсетілді
14 мин
оқу үшін
ERA_3079+ Президенттік сайлауда белсенділік танытқан барша қазақстандықтар еліміздің бірлігі мен ынтымағының жарқын үлгісін көрсете білді. Бұлай деуімізге мемлекетіміз үшін аса маңызды сайлау науқанына халқымыздың бір кісідей қатысып, өз таңдауларын жасағаны себеп болып отыр. Әділ де таза, демократиялық үрдіске сай өткізілген сайлаудың ал­дын ала нәтижелері анық­тап бергендей, сайлаушы­лардың 95,11 пайызы (шал­ғай­дағы кейбір ауылдар мен шетелдердегі сайлаушы­лардың көрсеткіштерін қоспағанда) дауыс берді. Бұлсүйсінерлік жағдай, үлкен жетістік, жоғары көрсеткіш. 26 сәуір күні таңғы сағат 07.00-де еліміздің барлық өңірінде сайлау учаскелері есігін айқара ашқан сәттен бастап Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) жұмысы жанданып жүре берді. ОСК тарапынан Астана, Алматы қалалары мен облыстардан келіп жатқан сайлау барысы жөніндегі мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің алдында жариялау ісі жүйелі, тыңғылықты жүргізілді. Кезең-кезеңімен брифингтер ұйымдастырылды. Келіп түскен мәліметке қарағанда, дауыс беру уақыты басталған сәттен-ақ республика бойынша сайлаушылардың белсенділігі байқалды. Мұны біз ОСК мүшесі Ләззат Сүлейменнің осы күнгі бірінші мәлімдемесінен аңғардық. Ол 26 сәуір күнгі сағат 10.00-дегі жағдай бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың 19,17 пайызы сайлау бюллетенін алып үлгергенінен жария етті. Л.Сүлейменнің атап өтуінше, бұл уақытта дауыс беру көрсеткіші Ақмола облысы бойынша – 23,48, Ақтөбе облысы бойынша – 16,8, Алматы облысы бойынша – 26,10, Атырау облысы бойынша – 11,13, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 27,31, Жамбыл облысы бойынша – 21,69, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 12,11, Қарағанды облысы бойынша – 21,6, Қызылорда облысы бойынша – 22,03, Қостанай облысы бойынша – 27,61, Маңғыстау облысы бойынша – 16,92, Павлодар облысы бойынша – 21,32, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 26,45, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 13,89, Астана қаласы бойынша – 12,92, ал Алматы қаласы бойынша 8,33 пайызды құрады. Өздеріңіз көріп отырғандай, қостанайлықтар «ә» дегенде 27,61 пайыздық көрсеткішпен көш бастады. Сондай-ақ, бұдан кейін де сайлаушылардың дауыс беру белсенділігі артпаса, төмендеген жоқ. Өйткені, ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова мәлім еткендей, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша, республикамызда сайлаушылардың 41,69 пайызы өз таңдауын жасаған-ды. Жергілікті сайлау комиссияларының ұсынған деректеріне сүйенген Татьяна Охлопкованың сөзіне қарағанда, сайлаушылар Ақмола облысы бойынша – 51,01, Ақтөбе облысы бойынша – 36,11, Алматы облысы бойынша – 60,68, Атырау облысы бойынша – 47,54, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 48,24, Жамбыл облысы бойынша – 49,91, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 40,66, Қарағанды облысы бойынша – 43,35, Қызылорда облысы бойынша – 45,56, Қостанай облысы бойынша – 56,57, Маңғыстау облысы бойынша – 34,12, Павлодар облысы бойынша – 42,63, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 50,11, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 32,62, Астана қаласы бойынша – 25,46, ал Алматы қаласы бойынша 17,25 пайыз дауыс берді. Бұл жолы Алматы облысы бірінші сатыға көтерілді. Ал сағат 14.00-дегі жағдайға келер болсақ, республикамызда сайлаушылардың 68,48 пайызы өз таңдауларын жасады. ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев кезекті брифингте атап көрсеткендей, Ақмола облысы бойынша – 76,98, Ақтөбе облысы бойынша – 65,51, Алматы облысы бойынша – 80,31, Атырау облысы бойынша – 73,41, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 75,52, Жамбыл облысы бойынша – 72,49, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 67,13, Қарағанды облысы бойынша – 69,21, Қызылорда облысы бойынша – 73,13, Қостанай облысы бойынша – 77,22, Маңғыстау облысы бойынша – 57,19, Павлодар облысы бойынша – 71,01, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 70,05, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 77,28, Астана қаласы бойынша – 45,75, ал Алматы қаласы бойынша 39,34 пайыз дауыс берілген. Нәтижесін көріп отырғанымыздай, бұл уақытта да Алматы облысы сайлаушыларының 80,31 пайызы өз таңдауларын жасап, көш басында қала берді. Сол сияқты, уақыт өте келе, яғни, сағат 16.00-дегі жағдай бойынша, тізімге енгізілген сайлаушылардың 82,11 пайызы сайлау бюллетенін алғаны мәлім етілді. ОСК мүшесі Татьяна Охлопкова сайлаудың аталған уақыттағы жай-жапсарын, тың ақпараттарды жариялай отырып: «Дауыс беру Ақмола облысы бойынша – 85,72, Ақтөбе облысы бойынша – 78,58, Алматы облысы бойынша – 84,95, Атырау облысы бойынша –  87,25, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 89,45, Жамбыл облысы бойынша – 86,4, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 79,01, Қарағанды облысы бойынша – 84,73, Қызылорда облысы бойынша – 87,45, Қостанай облысы бойынша – 86,75, Маңғыстау облысы бойынша – 76,15, Павлодар облысы бойынша – 82,75, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 86,93, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 87,30, Астана қаласы бойынша – 70,61, ал Алматы қаласы бойынша 62,54 пайызды құрады», деді. Сағат 18.00-дегі жағдай бойынша жасалған мәлімдеме де көңілге жылылық ұялата білді. ОСК мүшесі Марат Сәрсенбаев осы уақытта ел сайлаушыларының 89,69 пайызы дауыс бергенін жариялады. Оның айтуынша, Ақмола облысы бойынша – 94,81, Ақтөбе облысы бойынша – 85,05, Алматы облысы бойынша – 91,17, Атырау облысы бойынша – 92,96, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 93,55, Жамбыл облысы бойынша – 92,97, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 90,16, Қарағанды облысы бойынша – 91,12, Қызылорда облысы бойынша – 93,68, Қостанай облысы бойынша – 91,27, Маңғыстау облысы бойынша – 88,45, Павлодар облысы бойынша – 90,23, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 93,86, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша – 93,55, Астана қаласы бойынша – 88,29, ал Алматы қаласы бойынша 73,17 пайыз дауыс есепке алынған. Бұл көрсеткіштерге зер салсақ, Ақмола облысы сайлаушыларының белсенділігін көре аламыз. ERA_3116+20.00. Яғни, көп ұзамай президенттік сайлауда дауыс беру уақыты да мәресіне жетті. Іле ОСК мүшесі Ләззат Сүлеймен: «Президенттік сайлауда облыстардың, Астана және Алматы қалаларының сайлау комиссияларының ұсынған мәліметтеріне сәйкес, тізімге енгізілген сайлаушылардың 95,11 пайызы өз таңдауларын жасады», деп мәлімдеді. Оның келтірген дерегіне сүйенсек, дауыс беру көрсеткіші Ақмола облысы бойынша – 96,91, Ақтөбе облысы бойынша – 96,36, Алматы облысы бойынша – 98,48, Атырау облысы бойынша –  97,75, Шығыс Қазақстан облысы бойынша – 97,47, Жамбыл облысы бойынша – 97,31, Батыс Қазақстан облысы бойынша – 96,51, Қарағанды облысы бойынша – 97,21, Қызылорда облысы бойынша – 97,52, Қостанай облысы бойынша – 96,80, Маңғыстау облысы бойынша – 95,36, Павлодар облысы бойынша – 96,35, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша – 97,71, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша  – 97,78, Астана қаласы бойынша – 94,51, ал Алматы қаласы бойынша 78,28 пайызға жетті. Нәтижесінде Алматы облысы ең жоғары деңгейден көрінді. Осы арада айта кетуіміз керек, бұл пайыздық көрсеткіштер аздап болса да өзгереді. Өйткені, әлгі жиынтық дауыс саны (95,11%) жарияланғанда шалғайдағы кейбір ауылдар мен шетелдердегі сайлаушыларымыздың берген дауыстары есепке алына қоймаған-ды. Жоғарыда айтылған деректер жария болған соң, ОСК хатшысы Бақыт Мелдешов республикамыздағы барлық сайлау учаскелерінде дауыс беру процесі аяқталғанын хабарлады. Б.Мелдешов: «Ел өңірлерінде президенттік сайлауда дауыс беру процесі соңына жетті. Қазір учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері сайлаушылардың дауыстарын санау үстінде. «Сайлау туралы» конституциялық заңның 3-бабы, 3-тармағына сәйкес, дауыстарды санау әрбір кандидат бойынша жеке жүргізіледі», деді. Сондай-ақ, ол шетелдерде құрылған сайлау учаскелерінде дауыс беру уақыт айырмашылығына байланысты әлі аяқталмағанын жеткізді. Дәлірегі, сырт мемлекеттерде құрылған 65 сайлау учаскесінің 47-сінде дауыс беру жалғасуда. Тағы бір тоқтала кетер жайт, президенттік сайлауда дауыс беру кезінде өрескел заң бұзушылық орын алмады. Сөзіміз дәлелді болу үшін арнайы брифинг өткізген Бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіковтің сөзіне назар аударсақ. Н.Сүйіндіков: «Сайлау комиссиялары мен мемлекеттік органдар тарапынан ешқандай заң бұзушылық тіркелген жоқ. Тек сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары кезінде жекелеген азаматтар тарапынан бұзушылықтар орын алған. Бұл мәселеде алдын алу сипатындағы шаралар қолданылды. Атап айтқанда, үстіміздегі жылдың 30 наурызында Алматы облыстық прокуратурасы арқылы 2 азаматқа заң бұзушылыққа жол берілмейтіні туралы ескертілді. Олар өздерінің «Фейсбуктегі» парақшаларына президенттікке кандидаттардың ар-намысына, қадір-қасиетіне нұқсан келтіретін сөздер жазған. Аталмыш жайтқа қатысты әкім­ші­лік құқық бұзушылық туралы немесе қылмыстық іс қозғалған жоқ», деді. Бұдан бөлек, ол прокуратура органдарына президенттік сайлауға қатысты 3 арыз түскенін айтты. Олардың екеуінде сайлау заңнамаларын түсіндіру мәселесі қозғалған екен. Ал келесі шағым иесі президенттікке үміткерлерге қойылатын талаптармен келіспей­тінін жеткізген. Бұл арыздар Орта­лық сайлау комиссиясының қа­рауына жіберіліпті. Бас прокуратураның ресми өкілі осы мәлімдемесінен кейін араға бірер сағат салып тағы да брифинг өткізді. Бұл жиында Н.Сүйіндіков: «Президенттік сайлауда дауыс беру процесінде прокуратура органдары барлық сайлау комиссияларымен және мүдделі мемлекеттік мекемелермен тікелей байланыста болды. Қазіргі сәтке дейін прокуратура орындарына сайлау заңнамаларын бұзуға қатысты елеулі бір шағымдар, өтініштер немесе хабарламалар түскен жоқ. Тек, Семей қаласының тұрғындары, ерлі-зайыпты Карпухиндер өздерінің тұрғылықты жеріндегі сайлау учаскесінде түзілген тізімге енбей қалғандары туралы шағымданған. Олардың сол тиісті аумақта тұратындары анықталғаннан кейін, Карпухиндер дауыс беруге мүмкіндік алды. Қазіргі таңда бұл кісілердің алдын ала түзілген тізімге енбей қалуының себептері анықталуда», – деді. Бұл күні Сыртқы істер министрлігі тарапынан да БАҚ өкілдеріне сайлауға қатысты тиісті ақпараттар берілді. Атал­мыш министрліктің құзырын­дағы әкімшілік және бақылау депар­таментінің директоры Қайрат Саржанов еліміздің шетелдерде жүрген азаматтары да президенттік сайлауға белсене қатысып, өз дауыстарын бергенінен хабардар етті. Қ.Саржанов: «Шетелдердегі 65 сайлау учаскесінің мәліметтеріне сәйкес, жалпы дауыс беруі тиіс 20 822 адам болған. Қазіргі уақытқа дейін олардың 10 861-і өз таңдауын жасады», деді. Бұл арада, әрине, уақыт айырмашылығын да қаперден шығармаған жөн. Департамент директорының айтуынша, шетелдерде жүрген аза­маттардың конституциялық сай­лау құқығын мейлінше қам­та­ма­сыз ету мақсатында тиісті жұ­мыстар өз деңгейінде жүргі­зілген. Сондай-ақ, ол шетелдердегі сайлау учаскелерінің саны бұрынғыға қарағанда біршама көбейгенін жеткізді. Дәлірегі, Бразилиядағы, Финляндиядағы, Таиландтағы, Хорватиядағы елшіліктердің, Ан­та­лиядағы, Брестегі, Қазандағы, Тал­линдегі және Үрімшідегі кон­сул­дықтардың жанынан құрылған сайлау учаскелерінде еліміздің аза­маттары биыл алғаш рет дауыс берген. Бұған қоса, Қ.Саржанов: «Сай­лау қарсаңында министрлікке кей­бір Қазақстан азаматтары сайлау учаскелері құрылмаған елдерде, мәселен, Фиджиде, Кипрде, Филиппинде көшпелі дауыс беруді ұйымдастыруды өтінді. Оларға еліміздің заңнамасына сәйкес, көшпелі жәшікті қолдану арқылы дауыс беру Қазақстанның елшіліктері бар елдің шегінде ғана мүмкін екендігі түсіндірілді», деді. Оның айтуынша, Қазақстан азаматының жарамды төлқұжаты болған жағдайда сайлау учаскесі бар таяу орналасқан көрші елге барып дауыс беру ұсынылған. Міне, президенттік сайлау өткен 26 сәуір күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясында біз жоғарыда сөз еткен деректер мен жағдаяттар сөз болды. Әрине, бұл бағыттағы әңгіме осымен тоқтамасы анық. Ең бастысы, сайлау жоғары деңгейде өтті. Енді сайлауда қай кандидаттың жеңгені туралы Орталық сайлау комиссиясының ресми мәлімдемесін ғана күтеміз. Жолдыбай БАЗАР, «Егемен Қазақстан».