Фото: Видеодан алынған кадр
Cumhuriyet жергілікті басылымның хабарлауынша, оқ өтпейтін кеудеше мен бас киім киіп, кеудесіне нацистік белгі таққан боз бала бес адамды жарақаттаған. Зардап шеккен екі адамның жағдайы ауыр екені белгілі болды.
Қылмыскердің киімінде үшінші рейхтің оккультистері пайдаланған фашистік «қара күн» белгісі болған. Сонымен қатар, шабуыл кезінде жас жігіт әлеуметтік желілерде тікелей эфир жүргізген.
«Эскишехирде тұрғындарға шабуыл жасап, бес адамды жаралаған күдікті А.К қалалық бас прокуратураның бастамасымен тергеу аясында ұсталды», деді Түркияның әділет министрі Йылмаз Тунч.