Қоғам • 14 Тамыз, 2024

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленді

99 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жұмыссыз қалған азаматтар  жыл басынан бері Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 46 млрд теңгеден астам жәрдемақы алды,  деп хабарлайды Egemen.kz.

Жұмыссыз қалғандарға жәрдемақы төленді

Фото: Ашық дереккөз

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарлауынша,  2024 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (бұдан әрі – МӘСҚ) жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 198,5 мың адамды құраған. Бұл ретте биыл 148,9 мың адамға төлем алғаш рет тағайындалған. Төлемдердің жалпы сомасы 46,5 млрд теңгені құрады.

Айта кетейік, қолданыстағы заңнамаға сәйкес жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 45%-ына дейінгі мөлшерде МӘСҚ қаражаты есебінен жүзеге асырылады.