Қоғам • 14 Тамыз, 2024

Астанада жетім балалардың құқықтары бұзылған

76 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана прокуратурасы жетім балалардың тұрғын үй құқықтарының бұзылғанын анықтады, деп жазады Egemen.kz.

Астанада жетім балалардың құқықтары бұзылған

Фото: zhaikpress.kz

Тексеруден кейін 200-ден астам жетім бала тұрғын үй алу кезегіне қойылды.

Бұған дейін уәкілетті орган «Тұрғын үй қатынастары туралы» заңның 71-бабын бұза отырып, он төрт жасқа толмаған тұлғаларда тіркеудің болмауына, сондай-ақ отбасы мүшелері болып табылмайтын қамқоршыларға тіркелген мүліктің болуына байланысты жетім балаларды кезекке қоюдан негізсіз бас тартқан.