фото: atamura.info
Тексеру барысында Айыртау аудандық прокуратурасы балабақшалардың бірінің қызметкерлері мектепке дейінгі ұйымға іс жүзінде бармайтын балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алғандарын анықтады.
Бұл әрекеттердің барлығы соңғы 3 жылда 2021-2024 жылдар аралығында жасалған. Сонымен қатар Айыртау аудандық прокуратурасымен аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты басталған сотқа дейінгі тергеп-тексеру жалғасып жатыр.
«Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының талаптарына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етуге жатпайды», делінген прокуратураның жазбасында.
Сонымен қатар тексерулер барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, балалардың интернет желісінде тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуі және т.б. салаларда бірқатар бұзушылық анықталды.
Анықталған заң бұзушылықтар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер түрлі жауапкершілікке тартылды.
Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау саласындағы қадағалау жұмыстары жалғасып келеді және аудандық прокуратураның ерекше бақылауында.