Фото:Ашық дереккөз
Министрліктің хабарлауынша, жаңа стандартқа сәйкес жалпы тізімде стационарлық жағдайда соматикалық бейіндегі науқастарды емдеуге қажет негізгі 13 зерттеу анықталған.
Сондай-ақ бірқатар зертханалық аспаптық зерттеулер нәтижелерінің жарамдылық мерзімі 10 күннен 14 күнге дейін, 1 айдан 6 айға дейін ұзартылған. Бұл госпитализацияға дайындық үдерісін айтарлықтай қысқартуға септігін тигізетіні атап өтілді.
Осылайша, диагностикалық рәсімдерді стандарттау мен оңтайландыру қажетсіз шығындарды азайтып, халықтың қалтасынан шығатын ақшаны төмендетуге бағытталған. Ол өзгерістер медицина ресурстарын тиімді пайдаланып, науқастарға түсетін жүктемені азайтуға ықпал етеді.