Оқиға • 15 Тамыз, 2024

Аудандық ауруханада тегін дәрі алатындардың саны негізсіз қысқартылған

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аудандық аурухана тегін дәрі-дәрмек алатын азаматтардың тізімін негізсіз қысқартқан, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аудандық ауруханада тегін дәрі алатындардың саны негізсіз қысқартылған

Фото: Ашық дереккөз

Жылыой ауданы прокуратурасы дәрігерлердің азаматтарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемімен қамтамасыз ету міндеттерін елемеу фактілерін анықтаған. Атап айтқанда, аудандық ауруханада есепте тұрған тегін дәрі-дәрімек алатын азаматтардың саны негізсіз қысқартылған, сондай-ақ тауар жеткізуші дәрілік заттарды уақтылы жеткізбеген.

«Қадағалау актісі бойынша орталық ауруханада қант диабеті, артериалдық гипертензия диагноздармен есепте тұрған 4 054 азаматқа 19 155 349 теңгеге 4 866 қаптама көлемінде дәрі-дәрмектер (Джардинс, Инвокана, Тражента, Форсига және т.б.) берілді. Тұрғындардың конституциялық құқықтары қалпына келтірілді», деп хабарлады Атырау облысы прокуратурасының баспасөз қызметі.

Аудандық аурухананың жауапты лауазымды тұлғасы тәртіптік жауапкершілікке тартылған.