Президент • 15 Тамыз, 2024

Мемлекет басшысы Үндістан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

108 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қасым-Жомарт Тоқаев Үндістан Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп жазады Egemen.kz.

Мемлекет басшысы Үндістан Президентін Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

Президент Үндістанның елеулі экономикалық жетістіктерін, әлемдегі бейбітшілікті нығайту және орнықты даму ісіндегі рөлін атап өтті. Сонымен қатар екі ел арасындағы шынайы достық пен өзара қолдауға негізделген ұзақмерзімді ынтымақтастықтың одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Драупади Мурмудың барлық бастамаларына табыс, ал достас Үндістан халқына бақ-береке тіледі.