Суицид • 15 Тамыз, 2024

Оралда түзету мекемесінде жазасын өтеуші өзіне қол жұмсады

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Оралдағы түзету мекемесінде 46 жастағы ер адам өз-өзіне қол жұмсады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оралда түзету мекемесінде жазасын өтеуші өзіне қол жұмсады

Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 13 тамыз күні болды.

- Батыс Қазақстан облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің түзету мекемесінде 1978 жылғы жазасын өтеуші өз өмірін қиған. Аталған дерек Зашаған полиция бөлімінде тіркелді. Қазіргі кезде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, - деп хабарлады ведомство.

Ведомство баспасөз қызметі ақпаратты кейін беретінін жеткізді.