Жастар • 16 Тамыз, 2024

Жастардың бастамасы қолдау таппақ

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан мен Еуропаның жастар ұйымдары арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға және тәжірибе алмасуға бағытталған отырыс өтті.

Жастардың бастамасы қолдау таппақ

Фото: abai.kz

Іс-шараға Президент Әкім­шілігі, Мәдениет және ақпарат министрлігі, Еуропа Кеңесі, еу­ро­палық жастар карточкалық қауымдастығының өкілдері, сон­дай-ақ республикалық жас­тар ұйымдарының мүшелері қатысты.

Кездесу барысында Қазақ­станның азаматтық секторы мен Еуропа Кеңесінің жастар саясаты саласындағы бірлескен жобалары талқыланды. Атап айтқанда, бірқатар отандық ҒӨБ еуропалық жастар картасы қауымдастығымен бел­сенді ынтымақтастыққа дайын екендігі сөз болды. Бұл серік­тес­тік жастарының жүріп-тұруына, орналасуға, мәдениет нысандарына баруға, тілдік курс­тарды, тауарлар мен қыз­мет­терді пайдалану кезінде ақпарат алуға, шегерімдер мен жеңіл­­діктер алуға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, отандық және еу­ропалық жастардың P2P оқыту, яғни өзара оқыту форма­тындағы іс-қимылы жоспарланып жатыр. Келешекте мұндай әріптестік жастардың бастамаларын дамытуға, әлеу­меттік саланы жақсартуға, тұрақты дамуды қолдауға ықпал етеді.

Сонымен қатар Халықара­лық жастар күніне арналған кез­десуде Мәдениет және ақ­па­рат министрлігі жастар ұйым­дарының ең белсенді өкілдерін марапаттады.