Аймақтар • 16 Тамыз, 2024

Президент сыйлығы – отандық автобус

62 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағандыдағы «Кәусар» оқушылар сарайына және Нұра ауданына қарасты Шахтер аулындағы Мәдениет үйіне автобустарды сыйға тартты. Қарағанды облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл көліктер Саран қаласындағы «QazTehna» зауытында шығарылған.

Президент сыйлығы –  отандық автобус

– Біз үшін бұл тосынсый болды. Оқушылар сарайы При­шах­тинск шағын ауданында орна­ласқан. Өзіміздің көлігіміз бол­маған­дықтан, балалармен қала орта­лығына қатынау, әртүрлі іс-шараларға бару үлкен мәселе еді. Сондықтан бұл – біз үшін өте бағалы сыйлық, – деді «Кәусар» оқу­шылар сарайының директоры Әйгерім Исбекова.

Нұра ауданындағы Шахтер аулының Мәдениет үйінде де бұрын-соңды жеке автобус болған жоқ. Сондықтан Президенттің тартуы олардың да мұқтажын өтеді.

– Енді біз осы көлікпен кон­курс­тарға алаңсыз бара аламыз. Қуа­ныштымыз. Ауылымыздың Мә­дениет үйінде жеті көркем­өнер­паздар ұжымы жұмыс істей­ді. Жүзге жуық жас пен жасөспірім шығармашылықпен айна­лысады, – деді Нұра ауданы Мә­­дениет үйінің директоры Әділ­бек Құмар. – Сонымен қа­тар Шахтер ауылында дене­шы­нық­­­­тыру-сауық­тыру кешені бар. Бұл автобус­ты жарысқа баратын спорт­­-
шы­ларымыз да пайдаланады.

Мем­лекет басшысы 14 тамызда Қа­рағанды облысына жұмыс сапарымен барып, өңірдегі өнер­кәсіп және индустрия­лық кәсіп­орындардың, әлеумет­тік нысан­дардың қызметімен танысты. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Пришахтинск шағын ауданында жаңадан ашылған Оқушылар сарайын, сондай-ақ Нұра ауданы Шахтер аулындағы жақында ғана жөндеуден өт­кен Мәдениет үйі мен денешынық­тыру-сауықтыру кешенін аралап көрді.