Марапат • 17 Тамыз, 2024

Үздіктер марапатталды

106 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Астанада жас мамандарға арналған «Jas кeñes sı ylyğy» сый­лы­ғының иегерлері анықталды. Марапат биыл алғаш рет та­ғайындалып отыр. Президент жанындағы Жастар саяса­ты жөніндегі кеңес мүшелері бастамашы болған іс-шараға Мем­лекеттік кеңесші Ерлан Қарин, Бала құқықтары жөнін­дегі уәкіл Динара Закиева, Мәжіліс депутаттары, белгілі спорт­шылар мен қоғам қайраткерлері және жастар өкілдері қатысты.

Үздіктер марапатталды

Елдің үдемелі ілгерілеуі бар­лық азаматтың жасампаз күш-жі­геріне байланысты. Егер әркім өз аумағында жұмысын жауап­кершілікпен және сапалы орындайтын болса, онда ел кез келген мақсатқа қол жеткізе алады.

Сыйлықтың бастамашылары бұл жобаның мақсаты қоғамның маңызды салаларында жұ­мыс істейтін, өңірлердегі кіші және орта буын жас мамандарды көтермелеу екенін айтады. Сондай-ақ бұл сыйлық әлеуметтік маңызы бар және жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыруға ықпал етері анық.

Жеті аталым бойынша өт­кен конкурсқа 700-ден аса өтінім бе­рілген. Нәтижесінде, әр аталым бойынша екі жеңім­паз­дан мара­патталды. Атап айтсақ, «Önerkäsıp» аталымы бойын­­ша «Өскемен ЖЭО» ЖШС қа­­зандық жабдығының аға маши­нисі Ернұр Тоқышов және «Qarmet» АҚ көмір департаменті энергокөмір бөлімшесінің 4-разрядты жерасты электрослесары Руслан Ғұмаров лайық деп танылды.

«Janqiarlyq» аталымында Ал­маты облысы Еңбекшіқазақ ауда­ны Шелек полиция бөлімінің жергі­лікті полиция қызметі бө­лім­­шесінің учаскелік инспекто­ры Ермек Ауғамбаев пен Ақтө­бе облыстық Төтенше жағдай­лар департаментінің маман­дандырылған өрт сөндіру бөлі­мі­нің аға инженері Жұбаныш Саматов марапатталды. Ал Екі­бастұз қаласының «Горводо­канал» МКК инженер-зертханашысы Александра Ержанова мен Павлодар қаласының «ГСУ Құрылыс» ЖШС сылақшы-бояушысы Зарина Зкрия­нова «Bızdıñ üi» аталымында «Jas кeñes sıylyğy»-ның жеңімпазы атанды.

Сондай-ақ «Kömek qoly» аталымында «Қоғамдық денсау­лық сақтау» бағдарламасы бо­йынша «ЖМЖМ» Қазақстан ме­дициналық университетінің докторанты, алматылық Гүлмира Мұкашева мен «Жамбыл облысының Жастар мәслихаты» ҚБ төрағасы Азамат Намелбек сыйлық иегері болды. Алматы қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бас­қар­масының «Жан Сая» дағда­рыс орталығы» КММ арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажетті­лікті бағалау және анықтау жөнін­дегі әлеуметтік қызметкері Зуль­фия Умарова және «Қоста­най қаласы әкімдігінің жұмыс­пен қамту және әлеуметтік бағдар­ламалар бөлімі» ММ «Әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедек балалар мен мүгедектерге кү­тім жасау жөніндегі әлеумет­тік қызметкері Юрий Вагин «Adamgerşılık» аталымында топ жарды.

«Altyn jürek» аталымының үздіктері – «Өмірге сен» ҚҚ жанындағы оңалту, респиратор­лық қолдау және пал­лиативтік көмек орталығының медбикесі Шырын Амантаева мен «Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік меке­ме­сінің «Облыстық жедел және шұғыл медициналық көмек стан­циясы» ШЖҚ МКК аға фельд­шері Дархан Бақыткелді.

Шымкент қаласы Абай Құ­нанбаев атындағы мектептің химия пәнінің мұғалімі Балжан Әмірәлі және Астана қаласының №87 «Қадыр» балабақшасының тәрбиешісі Дана Куянбаева «Bolaşaq turaly qamqorlyq» аталымында «Jas кeñes sıylyğy» сыйлығын жеңіп алды.

Айта кету керек, сыйлықтың өзі мен жүлде қорын Жастар сая­саты жөніндегі кеңес мүшелері құрып, ұйымдастырған.