Фото: ҰОК
15 тамызы күні Азия Олимпиада Кеңесінің Атқарушы комитеті шұғыл жиын өткізіп, жарысты ұйымдастырушы қалалардың бюджеті мен инфрақұрылымының болмауы мен өзге де талаптарға сай келмейтінінін анықтап, ойынды өткізбеу туралы шешім қабылдады.
Айта кетейік, аталған ойындар COVID-19 індетіне және Таиланд билігінің ауысуына байланысты бірнеше рет шегерілген болатын.
Атқарушы комитеттің шешімі бойынша, келесі Ойындар Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтпек.