Фото: Pixabay
Қарабаевтың айтуынша, такси жүргізушілеріне тыйым салу министрліктің ұсынысы немесе енгізіліп жатқан түзетуі емес.
«Бұл министрлік тарапынан жүргізіліп жатқан түзету емес еді. 50 немесе 100 км шектеу маңызды емес. Атап айтқанда, мұндай өзгеріс болжанбаған. Бұл агрегаторлардың қызметін жетілдіру бойынша жұмыс тобына қатысушылардың бірінің ұсыныстары болды. Мұндай түзету дайындалмайды және талқыланбайды», деп қосты ол.
Еске салайық, 30 шілдеде Көлік министрі Марат Қарабаев «InDrive» және «Yandex.Taxi» такси жүргізушілеріне 50 шақырымнан астам қашықтыққа шектеу енгізу жоспарланып отырғанын хабарлады.