Қоғам • Бүгін, 15:05

Енді баланы басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады

51 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Енді ата-аналар мен заңды өкілдер eGov.kz порталы арқылы баланы бір мектептен екіншісіне онлайн ауыстыра алады, деп хабарлайды Egemen.kz «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ  баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Енді баланы басқа мектепке онлайн ауыстыруға болады

фото: diapazon.kz

Жалпы білім беретін ұйымды іздеу және таңдау процесі ата-ананың тіркелген жері бойынша микроаумаққа оңтайландырылған.

«Ата-аналар тек шағын аудандағы мектепті ғана емес, оның шегінен тыс кез келген басқа білім беру ұйымын (егер олардың қалауларына сәйкес келсе) таңдай алады. Қажет болған жағдайда өтініш беруші берілген өтінішті кері қайтарып ала алады», деп хабарлады Ұлттық ақпараттық технологиялар орталығы.

Білім беру ұйымын таңдау үшін:

- eGov.kz порталына кіріп, «Білім» бөліміне өтіңіз;

- Тізімнен «Орта білім» бөлімін таңдаңыз, «Балаларды мектептен мектепке ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау» қызметін таңдаңыз;

- Қажетті жолдарды толтыру және электрондық қолтаңбаны пайдаланып өтінішке қол қою;

Қызмет нәтижелерін Жеке кабинетте көре аласыз.