Аймақтар • 20 Тамыз, 2024

Каспий жағалауындағы 50 га жер мемлекетке қайтарылды

87 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Келіп түскен өтініш негізінде Маңғыстау облысының жер ресурстарын басқару департаменті жауапкершілігі шектеулі серіктестікке қатысты жоспардан тыс тексеру жүргізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Каспий жағалауындағы 50 га жер мемлекетке қайтарылды

Фото: Ауыл шаруашылығы министрлігі

Тексеріс нәтижесінде мұнай терминалының құрылысын салу және орналастыру үшін арналған жалпы ауданы 50,0 гектар жер учаскесі ұзақ уақыт бойы нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай келгені анықталған.

Кадастрлық бағалау құны 445,0 млн теңгені құрайтын жер учаскесі Каспий теңізінің жағалауындағы Қарақия ауданында орналасқан.

Жер учаскесінің меншік иесіне жер заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама берілген. Жыл аяқталғаннан кейін нұсқама талаптарын орындамағаны үшін серіктестікке 345,0 мың теңге көлемінде айыппұл түріндегі әкімшілік шара қолданылған.

Сонымен қатар департаменттің жер учаскесін мемлекет меншігіне мәжбүрлеп алу туралы талап-арызы сотпен қанағаттандырылып, сот шешімі заңды күшіне енді.