Спорт • Бүгін, 11:50

Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінен балуандар екі күміс медаль еншіледі

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Иорданияның Амман қаласында күрестен 17 жасқа дейінгі спортшылар арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстанның екі балуаны  күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Әлем чемпионаты: Грек-рим күресінен балуандар екі күміс медаль еншіледі

Фото: ҰОК

Грек-рим күресінен 51 келі салмақта финалға шыққан Алпамыс Болатұлы америкалық Джейден Рэйниден 5:7 есебімен ұтылып, күміске қол жеткізді.

80 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Еркебұлан Анапия финалда нейтралды спортшы Михаил Шкариннен 0:3 есебімен ұтылып, әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Ал 48 келіге дейінгі салмақта қола жүлде үшін белдескен Едіге Төлеутаев әзербайжандық Амрах Амраховтан 1:3 есебімен ұтылды.