Маңғыстау облыстық мәдениет басқармасының ұйымдастыруымен өткен шараға өлкедегі өнер адамдары, ақындар мен қала тұрғындары, жастар қатысты. Мектеп оқушылары Ф.Оңғарсынова өлеңдерін мәнерлеп оқыса, белгілі ақындар Светқали Нұржанның, Оңайгүл Тұржанның және ізбасар іні-сіңлілерінің өлеңдері оқылды.

Өңір өнерпаздары – күйші Р.Айдарбаева, әншілер Асқар Көшеров, Сәбит Шектібаев Фариза сөздеріне жазылған және Фаризаға арналған әндерді орындады.
Гүлайым Шынтемірқызы.
Дерек, сурет egemen.kz.