Оқиға • Кеше

Жеңіс Қасымбек Нұрбек Оралбайға су жаңа көлік сыйлады

24 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Париж Олимпиадасының күміс жүлде иегері Нұрбек Оралбай мен оның жаттықтырушысы Асқар Еркебаевты марапаттады, деп хабарлайды Egemen.kz

Жеңіс Қасымбек Нұрбек Оралбайға су жаңа көлік сыйлады

Фото: instagramp/zhenis_qasymbek

«Нұрбек Оралбай еліміздің әрі қаламыздың атынан сынға түсті! Оның бұл жетістігінің артында мыңдаған сағаттық жаттығулар, сол сияқты отбасының, жаттықтырушысының және туысқандарының қолдауы мен өзіне деген сенімі жатыр!», деп жазды Жеңіс Қасымбек әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, демеушілер есебінен Нұрбек Оралбайға Land Rover Defender автокөлігінің кілті , ал жаттықтырушысына 10 млн теңгенің сертификаты табысталды.