Қоғам • 22 Тамыз, 2024

Ерекше балаларды оңалту орталығы

106 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов Атырау облысындағы Құлсары қаласында ерекше балаларға арналған 150 орындық оңалту орталығын ашты.

Ерекше балаларды оңалту орталығы

Жалпы, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры қоғамдағы инклюзия мәселелерін басты назарда ұстайды. Осы бағыт­та қор корпоративтік әлеу­мет­тік жауапкершілік аясында халықтың сұранысына сай шал­ғай­дағы өңірлерде әлеу­мет­тік жобаларды іске асырып келеді.

Қор басшысы Құлсары қала­сын­­дағы ерекше бала­лар­ға арналған жаңа оңалту орта­лы­ғын іске қосты. Салта­натты ашылу рәсімінде Атырау облысы әкімінің орынбасары Марат Мурзиев қатысты.

– Бұл әлеуметтік нысан 150 орынға арналған. Орта­лық­та 3 жас­тан 6 жасқа дейінгі ерекше балалар білім алады. Қор кор­поративтік әлеумет­тік жауап­кершілік шеңбе­рін­де мүмкіндігі шектеулі адам­дар­дың қоғамдық өмірге толық­қанды араласуы үшін барлық жағдайды жасайды. Біз бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыра береміз, – деп атап өтті қор басшысы.

Аталған орталық «Самұрық-Қазына» АҚ компания­лары тобының атынан «Ембі­мұнай­газ» АҚ қаржылай қолдауы­мен салынды.

Жалпы, елімізде «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен ашылған 42 оңалту орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл орталық­тар­да 40 мыңнан аса бала оңал­тудан өтті.

Ерекше бала тәрбиелеп отыр­ған шалғайдағы ата-аналар бұрын қажетті көмек алу үшін облыс орталықтарын аралайтын еді. Ендігі заманауи орталықтардың өз өңірлерінде ашылғанына шексіз қуанышты. Себебі мұнда ерекше балалармен кәсіби мамандар – логопед, дефектолог, психолог, әлеуметтік педагог, олигофренопедагог, емдік денешықтыру маманы мен медбике жұмыс істейді.

ап

Сондай-ақ Нұрлан Жақыпов Құлсары қаласында салынатын спорт кешенінің құрылыс жұ­мыстарын бастауға рұқсат берді.

– Биылғы көктем елімізге аса ауыр тиді. «Самұрық-Қазына» су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 22 млрд теңгеден аса қаражат бөлді. Бұған қоса біздің шетелдік әріптестеріміз 2,5 млрд теңгеге көмек көрсетті. Жиналған қаражатқа үш өңірде спорт кешендерін салып жатырмыз. Бұл өңірлердің бірі – Құлса­ры. Құлсарыда біз биыл спорт ке­шенінің құрылыстарын бастаймыз, – деді Нұрлан Жақыпов.

Өткен жылы қор 7,2 млрд теңгеге 46 әлеуметтік жобаны іске асырды. Жарты миллионнан аса азаматқа әлеуметтік көмек көр­сетілді.

Сонымен қатар Атырау об­лы­сының Қызыл­қоға ауданына қарасты Миялы ауылында да ерекше жандарға ар­нал­­ған оңалту орталығы ашылды.

Салтанатты ашылу рәсіміне «Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева, Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұханов, «Ембі­мұнай­газ» АҚ бас директорының геология және кен орындарын игеру жөніндегі орынбасары Асқар Мұнара қатысты.

«Samruk-Kazyna Trust» бас директоры Альфия Адиева рези­денттердің орталыққа қаты­науы үшін инватаксилерді табыстады.

Бұдан былай 100-ден аса аудан тұрғыны кешенді орта­лық­тың көмегіне жүгіне алады. Ор­талық заманауи оңалту құ­рал­дарының 12 түрімен жаб­дықталған. Инсульт, инфаркт, түрлі жарақат алған адамдарды қабылдай алады. Сондай-ақ нақты оңалту мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған жеке оңал­ту бағдарламалары жүр­гізі­леді.

Мұндай игі іс-шаралар өңір­лердің дамуына үлкен сер­пін бере­тіні сөзсіз. Екіншіден, жас­тар арасында саламатты өмір салтын ұстануға жаңа мүм­кін­діктер туғызады. 

 

«Samruk-Kazyna Trust» КҚ баспасөз орталығы