Аймақтар • 22 Тамыз, 2024

Жастарға арналған креативті хаб

132 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы серіктес­терімен бірігіп Орал қаласының жастарына арналған креативті хаб құрып жатыр.

Жастарға арналған креативті хаб

Қор басшысы Нұрлан Жа­қыпов Батыс Қазақстан облысына іс­сапары аясында аталған облыс әкімі Нариман Төреғалиевпен бірге Оралдағы «OzgeEpic Oral» креативті хабының жөндеу жұ­мыс­тарымен және құрылыс қар­қы­нымен танысты. Жоба Қордың бірыңғай қайырымдылық операторы «Samruk-Kazyna Trust» қорының қаржыландыруымен жүзе­ге асып жатыр.

– Мемлекет басшысы аймақ­тар­да шығармашылық индус­трия орталықтарын ашуды тап­сырған еді. Бұл бастама өңір­­дегі талантты жастардың әлеуетін ашуға мүмкіндік береді. Со­нымен қатар креативті хабтар аймақ эко­номикасының дамуына сер­пін әкеледі. Былтыр Ақтөбе облы­сын­дағы кітапхана ғимаратын ғылым мен креатив орталығына айналдырған едік. Биыл Орал қаласында креатив хабын салу жұмыстарын бастап кеттік. Дәл осындай орталық Солтүстік Қазақстан облысында да ашылады, – деді қор басшысы Н.Жақыпов.

Орталық жастардың қосымша білім алып, шығармашылық қабілетін дамытуына мүмкіндіктер туғызбақ. Хабта заманауи қазақ өнері мен инновациялық көркемдік шешімдерді дамыту, сондай-ақ Қазақстан мен халықаралық қауымдастықтар шеңберінде арт-жобалар әзірлеу жоспарланып отыр. Резиденттер қатарына 14 пен 35 жас аралығындағы шығармашылық индустрияда жұмыс істейтін жастар, соның ішінде NEET санатындағы жастар мен ерекше қажеттіліктері бар жандар мен студенттер кіреді.

Жаңа креативті хабта жастар спектакльдер мен түрлі шеберлік сабақтарына, анимация мен дубляж жасауға еркін қатыса алады. Сонымен қатар сұранысқа ие бағыттар бойынша 200 адам жаңа мамандықтарды игереді.

Жаңа шығармашылық хабтың ашылуы келесі жылдың соңына жоспарланған.

 

«Samruk-Kazyna Trust» КҚ баспасөз орталығы