Оқиға • 22 Тамыз, 2024

Павлодарда еліктің лағын өлтіргендер сотталды

82 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодар облысында еліктің лағын өлтірген азаматтарға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда еліктің лағын өлтіргендер сотталды

Фото: uniface.kz

2024 жылдың ақпан айында К. және С. алдын ала келісім бойынша жабайы жануарларды заңсыз аулауға шыққан. Ол үшін олар Ақтоғай өңіріндегі Ертіс өзенінің жайылмасын – жабайы аңдарды аулауға тыйым салынған ерекше қорғалатын табиғи аумақты таңдаған. Олар өздерімен бірге тіркелмеген тегіс ұңғылы аңшы қаруын алып шыққаны белгілі болды.

«Сотталушының бірі еліктерді атып өлтірген. Олар 3 жасар еліктің өлексесін алып кетіп қалмақ болған сәтте полиция қызметкерлері ұстаған», делінген сот хабарламасында. 

Сотталушылар ерекше қорғалатын табиғи аумақта аң аулағаны үшін мемлекетке 2,7 млн теңге залал келтірген.

Нәтижесінде сот бұрын бас бостандығынан айыру жазасын өтеген К.-ны 4 жылға, С.-ны 3 жылға бас бостандығынан айырды. Сондай-ақ 7 жылға аң аулауға тыйым салынды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.