Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Баткен облыстық ІІД баспасөз қызметінің мәліметінше, 51 жастағы ер адам мен оның әйелі Honda Jazz көлігімен іс-шарадан қайтып келе жатқанда, оларды 55 жастағы танысы тоқтатқан.
Күдікті 12 калибрлі аңшы мылтығымен ер адамның кеуде тұсына екі рет оқ атып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Кейінірек күдікті Қара-Таш жайлауында жүргенде сол мылтықпен өзінің кеуде тұсына оқ атып, өз-өзіне қол жұмсаған.
Оқиға бойынша Қырғыз Республикасы Қылмыстық кодексінің 122-бабы («Адам өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.