Әлем • 22 Тамыз, 2024

Фармацевтикалық зауытта болған жарылыстан 17 адам қаза тапты

119 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Үндістанның Андхра-Прадеш штатындағы фармацевтикалық зауытта жарылыс болып, 17 адам қайтыс болды, деп хабарлайды Egemen.kz Independent басылымына сілтеме жасап.

Фармацевтикалық зауытта болған жарылыстан 17 адам қаза тапты

Фото: Х/@cricket_fundas

Оқиға 21 тамыз күні Escientia Advanced Sciences зауытында болған. Жергілікті биліктің мәліметінше, жарылыс салдарынан 17 адам қаза тауып, тағы 40 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған. 

Төтенше жағдайдың алдын ала себебі химиялық реактордан шыққан бу болған. Жарылыстың нақты себебі тергеу арқылы анықталады. Бүгінде бейнебақылау камераларының жазбалары зерттеліп, жарылысқа адам факторының қатысы бар-жоғы анықталып жатыр.

Айта кетейік, аталған жарылыс соңғы бірнеше жылдағы штаттағы ең ірі жарылыс болған.