Қоғам • 22 Тамыз, 2024

Ақынға арналған кеш

59 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Хакім Абайдың туған күні аясындағы іс-ша­­ралар «Жастар» театры сахнасында тү­йінделді. Ақын мұ­расын ұлық­тау мақ­сатында өткен «Абай аманаты» атты кешке зиялы қауым мен абайтанушы ғалымдар, әртістер мен елорда қонақтары қатысты.

Ақынға арналған кеш

Музыкалық кеште әнші­лер Алтынай Жо­ра­­баева, Сүндет Байғожин, ха­лық­­аралық байқаулардың лау­реаты Ерлан Рысқали, ROYAL квартеті мен айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан, басқа да өнерпаздармен қатар «Жастар театры» ұжымы да сахнаға шықты. Ал Ұлт­тық аспаптар ансамблі музыкамен әрлеп отырды. Шығармашылық кештің шымылдығы «Бала Абай» бейнесюжетімен ашылып, «Жас Абай» мен «Дана ­Абай» бейнекөріністері көрсе­тіл­ді. Сонымен қатар Абай ән­дері де нақышына келтіре орындалды. Ал айтыскер ақын Мейірбек Сұлтанхан ақынға арнаған өлеңін орындап, көрермен көңілін көтер­ді. Кеш барысын­да «Жастар театры» ұжымы­ның «Абай – Тоғжан» спектаклі­нен үзінді қойылды.