Қалалық ішкі істер басқармасына облыс орталығы тұрғыны ұрының үйіне терезеден кіріп, алтын бұйымдарын, құндыз тонын және 300 мың теңге ақшасын қолды еткені жөнінде арызданыпты. Арыз бойынша жүргізілген жедел жұмыстар нәтижесінде жедел уәкілдер бұрын сотты болған 37 жастағы ұрыны ұстап, күдікті басқарманың уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері басталды. Полицейлер пәтер ұрлықтарының алдын алу үшін үйге дабыл құрылғысын, бейнебақылау жүйесін, темір есік пен терезеге темір тор орнатуға кеңес береді.