Отбасы • 23 Тамыз, 2024

Ұлт дәстүрін ұлықтаған отбасы

165 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Осыдан он жыл бұрын бас­тау алған Ұлттық «Мерейлі отбасы» бай­қауы бүгінде дәстүр­ге айналды. Аудан, қа­лалардан басталатын іріктеуге қатысушы отбасылардың жылда-жылға көбейе түс­кені байқаудың көпшілік арасындағы абырой, беде­лін айғақтайды, Ұлытау облысында биылғы бай­қауда 30-дан аса отбасы бақ сынады.

Ұлт дәстүрін ұлықтаған отбасы

«Биылғы қатысушылар қата­рын көріп, көңілім толып тұр. Бұрын мұншалық көп болмайтын. Ұлттық салт-дәстүрді наси­хаттауда бұл байқаудың орны бөлек», дейді облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Сағындық Қожамсейітов.

Әрине, әр отбасының өзіндік ерекшелігі бар. Жарысқанда жүйріктен жүйрік озатынын бабаларымыз бұрыннан-ақ айтып кеткен.

Байқаудың облыстық дең­­гейінде «Үлгілі отбасы» аталы­мына Жезқазған қала­сы­ның тұрғыны Хамзахан Айт­мұ­хановтың отбасы лайық болды. Аталған отбасының шаңырақ көтергендеріне өткен жылы жарты ғасыр толған екен.

«Берекелі шаңырақ» аталымын иеленген Ерлан Сыздықовтың отбасы Сәтбаев қаласында тұра­ды. Бұл шаңырақтың балалары өнерге, спортқа жақын. Олар­дың кейбірі республикалық жарыстардың жеңімпазы атанып, облыстың атағын аспандатып жүр.

Байқау барысында «Белсенді отбасы» аталымын Қаражал қаласынан қатысқан Нәукеновтер жеңіп алса, «Өнерлі отбасы» ата­лымына жаңаарқалық Айт­жа­новтар отбасы лайық деп танылды.

Ұлытау ауданынан келген Қыдырпатшаевтар әулеті «Мерейлі отбасы» ұлттық конкур­сының лауреаты» атағына ие болып, Астана қаласында өтетін республикалық марапаттауға қатысатын болды.

 

Ұлытау облысы