Қоғам • 24 Тамыз, 2024

Әдеби тур басталды

72 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Мәдениет және ақпарат министрлігі әдеби саланы дамытуға және жас авторларды қолдауға бағытталған бірқатар жобаны жүзеге асырып жатыр. Соның бірі – Алматы облысынан бастау алған жас ақын-жазушыларға арналған әдеби тур.

Әдеби тур басталды

Министрлік жанынан құрылған «Alqa» жас­тар клубының мүшелері Бердібек ­Соқ­пақбаевтың 100 жылдығына орай ­жазу­шының ауылы Қостөбеге барып, қа­лам­гер оқыған тарихи мектеппен танысты.

Сонымен қатар мұзбалақ ақын Мұқағали Мақатаевтың туған жері Қара­сазға табан тіреп, ақынның өмірінен ­сыр шертетін әдеби-мемориалды музейге барды.

Мұражайдың үш экспозициялық залында ақынның 1200-ден аса экспонаты, жұмыс үстелі мен қолданған заттары және қолжазбалары қойылған. Сапар барысында жас ақындар жыр оқып, әдеби кеш өткізді.

Әдеби іс-шара аясында қатысушылар Райымбек батыр ескерткішіне тағзым етіп, Көлсай, Шарын шатқалында да болды.

Әдеби тур Ілияс Жансүгіровтің 130 жылдығына орай Жетісу облысында жалғасады.