Қарағанды облысында тұрғындар кеншілер күнін атап өтіп жатыр. Іс-шаралар бірнеше тау-кен қаласында өтті.
Тұрғындар саны миллионға жақындаған Қарағандыда сенбі күні кешке жергілікті эстрада жұлдыздарының ғана емес, қазақстандық және ресейлік жұлдыздардың қатысуымен мерекелік концерт өтті.
Қаланың орталық алаңына 50 мың көрермен жиналды. Қоғамдық тәртіпті сақтауға 500-ден астам полиция қызметкері атсалысты.
Концерт барысында 35 бала ересектердің қарауынсыз қалып, адасып кеткен. Полицейлер көмекке келіп, барлық бала ата-аналарына қайтарылды.
Қарағанды облысының полиция департаментінің хабарлауынша, мұндай ауқымды іс-шараны өткізу кезінде бірде-бір құқық бұзушылыққа жол берілмеген.