Оқиға • 26 Тамыз, 2024

Каспийге батып кеткен жігіттің денесі табылды

136 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25 тамыз күні сағат 17: 40 шамасында Каспий теңізінің «Солдат» жағажайы аумағында 18 жастағы жігіт суға батып кеткен еді, деп жазады Egemen.kz.

Каспийге батып кеткен жігіттің денесі табылды

Фото: lada.kz

Маңғыстау облысының тұрғыны жүзу аймағынан тыс жерде, жағалаудан 300-400 метр қашықтықта суға секірген. 2006 жылы туған жігіт сүңгіген жерде су тереңдігі 3-4 метрді құраған. 

Облыстық Төтенше жағдайлар департаменті оның денесі бүгін таңғы сағат 7: 50 шамасында табылғанын мәлім етті. 

«Іздестіру-құтқару жұмысы барысында «Солдат» жағажайы аумағында жағалаудан 300 метр қашықтықта, екі метр тереңдіктегі судан жас жігіттің мәйіті табылып, шығарылды», делінген облыстық ТЖД хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар

Ақтауда түнде автокөлік өртенді

Төтенше жағдай • Бүгін, 12:43