Биылғы жылдың 22-23 тамызында Қонаев қаласындағы Мәдениет үйінің мәжіліс залында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Дін істері комитетінің қолдауымен «Рухани жаңғыру» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен дін мәселері бойынша білікті мамандарды дайындауға бағытталған іс-шара өтті. Шараға «Дін зерттеу орталығының», мешіттердің, орта және жоғары оқу орындарының және т.б. мамандары, имамдары, психологтары мен теологтары қатысты. Жиында дін мәселелері бойынша түсіндіру тобының мүшелері – Заң ғылымдарының профессоры. ҚР терроризм және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының ҚҚ басшысы Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы және театр педагогы, көркемсөз оқу шебері, жоғары категориялы кәсіби диктор Абзелбаев Мұрат Назтайұлы семинар оқыды.
Абзелбаев Мұрат Назтайұлы «Тіл техникасы. Сөз әрекетінің элементтері. Ораторлық өнердің негіздері» тақырыбында сөйлеу техникасын меңгерудің тиімді жолдарын атап өтіп, дұрыс тыныс алуды, үннің құлаққа жағымды, сөздің, буынның ашық, айқын болуына септігін тигізетін тәсілдермен бөлісті.
Бишманов Кәкімжан Мұратжанұлы «Қазақстанның дін туралы заңнамасы. Зайырлылық – мемлекеттік жүйенің және ұлттық қауіпсіздік туралы тұғыры, діни сенім бостандығы туралы түсінік» тақырыбында жаһандық жағдайдағы терроризм мен діни экстремизмге қарсы күрестің құқықтық негіздерін тоқтала отырып, келесі кезекте «Зайырлылық және зайырлылық мемлекет ұғымы, үні, сипаты, мәні. Зайырлылық және діни зайырлылық этика негіздері» тақырыбында дін саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын, принциптерін қатысушыларға түсіндірді.
Сонымен қатар семинарлар мен тренингтер барысында қатысушылар тарапынан дәріскерлерге сұрақтар қойылып, тұжырымды жауаптар алынды.