Әлем • 27 Тамыз, 2024

Португалияда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

70 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

26 тамызда Португалияда жер сілкінісі болды. Әлеуметтік желіге сүйенсек, зілзаланы Порту, сондай-ақ Испания мен Марокко тұрғындары сезген. Португалия теңіз және атмосфера институтының (IPMA) мәліметтері бойынша жер сілкінісінің магнитудасы 5,3 балды құрады, деп хабарлайды Egemen.kz

Португалияда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

Фото: newizv.ru

Португалия үкіметінің хабарлауынша, жер сілкінісі елдің табиғи апаттарға дайындығын тексеруге мүмкіндік берді.

«Бұл табиғи апат біздің қажетті құралдарымыздың, дайындығымыздың бар-жоғын түсіндіреді. Сондай-ақ дайындықты тексеруге мүмкіндік береді», деді Португалия СІМ басшысы Паулу Рангел.

Дүмпулер таңғы 5-те тіркелді, олардың эпицентрі Синиш қаласынан батысқа қарай 58 км жерде, теңізде 21 км тереңдікте болды.

Португалия теңіз және атмосфера институтының (IPMA) мәлімдемесінде жер сілкінісі адамдарға және олардың мүлкіне зиян тигізбеді делінген.