Аймақтар • 28 Тамыз, 2024

Жамбыл облысында мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылды

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жамбыл облысының прокуратурасы 2,2 млрд теңге сомасына мемлекеттік сатып алу конкурстарының күшін жойды, деп хабарлайды Egemen.kz.
 

Жамбыл облысында мемлекеттік сатып алу конкурсының күші жойылды

Фото: Pexels

Прокуратураның баспасөз қызметі хабарлағандай, рейтингтік-баллдық жүйені пайдалана отырып, конкурс арқылы мемлекеттік сатып алуды талдау аясында мәліметтерді бұрмалау фактісі анықталған.

Қатысушылардың бірі өз біліктілігі туралы дұрыс емес мәлімет берген. Сонымен қатар ол бұрын орындалған объектілер туралы ақпаратты бұрмалайтын құжаттарды веб-порталдың электрондық депозитарийіне енгізіп, нәтижесінде жұмыс тәжірибесін арттырған.

«Бұл жосықсыз қатысушыны құны 2,2 млрд теңге болатын сумен жабдықтау объектілерін салуға арналған конкурстың жеңімпазы деп тануға негіз болды. Прокурорлық қадағалау актісінің негізінде облыс әкімдігі мердігерді мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы және конкурстардың қорытындыларын жарамсыз деп тану туралы МАЭС-ке талап қою енгізді», делінген хабарламада.

Тамыздың 7-сі күні талап қою толығымен қанағаттандырылған.