Өнер • 28 Тамыз, 2024

Италиядағы дебют

33 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Елордадағы «Астана Опера» театрының солисі, Astana Opera Халықаралық опера академиясының түлегі, республикалық және халықаралық байқаулардың жеңімпазы Әлихан Зейнолла Италияның Пезаро қаласындағы Дж.Россини атындағы театрда «Реймске саяхат» спектаклінде Граф Либенсковтың басты партиясында дебют жасады.

Италиядағы дебют

Қойылымның оқиға желісі мынадай. Жер-жерден келген ақсүйектер Францияның жаңа королін ұлықтау салтанаты болатын Реймс қаласына бару үшін әуелі «Алтын лала­гүл» қонақүйіне орналаса­ды. Олардың әрқайсысы өзіне ­ғана тән қызықты болмы­сы­мен ерекшеленеді. Сол се­беп­ті қонақүйдің ішінде күл­кілі жағдайларға тап болады. Дра­­ма­лық шиеленіс Реймске ешқандай көлік апармай­тынын түсінген сәттен басталады. Сонда саяхатшы­лар патшаны қонақүйде, яғни өз ішінде ұлықтай беруді жөн ­санайды. Араларында Ита­лия, Франция, Германия, Ресей, Польша, Испания және Англия­дан келген қонақтар бол­ғаннан кейін, әрқайсысы өз мем­лекетінің гимнін шыр­қап, Франция ағзамы Х Карл­ға күллі Еуропаның атынан құттықтауларын жеткізеді.

Осындай шытырман қойы­лымда отандасымыз Әли­­хан Зейнолла Мелибей ха­­нымға ғашық әрі өте қыз­ғаншақ орыс генералы Граф Либенсковтің рөлін сомдап шықты. Аталған рөлді қалай иеленгені туралы әнші былай деп ой тарқатады:

«2022 жылы мен Қыр­ғызстан астанасына айтулы концертке шақырылған едім. Ол жерде оркестрдің сүйе­мелдеуімен Дж. Россинидің «Севиль шаштаразы» операсынан каватинаны, Ж.Бизе­нің «Інжу іздеушілер» операсынан әйгілі романс орындадым. Сөйтіп, менің орындауымды Дж.Россини фестивалінің директоры Эрнесто Паласио мырза тың­дап, өзімнің агентім В.Федели мырза арқылы Пезаро қаласындағы (Ита­лия) Дж.Россини академия­сына шақырту алдым. Ака­демиядағы оқу бағдар­лама­сы­на шеберлік сағаттарының топтамасы кіреді, олардың біреуін мен әлемге әйгілі тенор Хуан Диего Флореспен бірге жасадым. Сондай-ақ Дж.Россинидің «Реймске сая­хат» көлемді италиялық опе­расындағы дебютім және Италиядағы тағы бірнеше ма­ңызды концерт осы оқу бары­сындағы жетістігім бол­мақ», дейді ол.

Айта кету керек, акаде­миядағы оқу барысында әлем­нің түрлі елінен бар­ған төрт тенордың арасында Э.Паласио Әлихан Зей­нол­ланы бірінші құрамда Граф Либен­сковтің партиясында дебют орындауға таңдап алған. Академияда білім алумен қатар, қазақстандық тенор Градара, Ферминьяно, Урбино, Пезаро қалаларын­да концерттік бағдар­лама­лармен өнер көрсеткен.

«Реймске саяхат» опе­ра­сының музыкалық және сах­налық дайындықтары күн сайын Россини театрын­да, Эксперименттік театр­да және Скаволини Аудито­риу­мында итальян тілінде дирижер Давиде Левимен және халықаралық деңгей­дегі пианист-коучтермен бірге өтті. Тамыз айының со­ңында спектакльдің премьерасы өте жоғары деңгейде қойылды», деп пікір қосты тенор Ә.Зейнолла.

Еске сала кетейік, академияда тағы­лым­дамадан өту кезінде Әлихан Румынияға «Севиль шаштаразы» опера­сының қойы­лымында Граф Альмавиваның партиясын орындауға шақырылған еді. Бұдан бөлек, ол Будапештте «Stabat Mater» үлкен месса­сында өнер көрсеткен. Сон­дықтан оның бұл өнер көр­сетуі еуропалық үшінші дебюті болды.