Оқиға • 29 Тамыз, 2024

Алматы маңында жер сілкінді

144 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өткен түні Алматы маңында жер сілкінді, деп жазады Egemen.kz.

Алматы маңында жер сілкінді

Фото: Максим Золотухин

Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық стансалар желісі 29 тамыз күні сағат 01:47-де жер сілкінісін тіркеді.

Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан 24 шақырым жерде оңтүстік-батысқа қарай Қазақстан аумағында орналасқан.

«Жер асты дүмпуінің  эпицентрлік координаттары – 43,125º - 76,659º. Тереңдігі - 10 км. Жер сілкінісінің энергетикалық класы – 7,7. MPV магнитудасы - 3,7», делінген Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының хабарламасында.

Әлеуметтік желіде кей алматылықтар жер сілкінісін сезгенін жазып жатыр.