Аймақтар • 29 Тамыз, 2024

Ақтауда көпқабатты үйдің қасбеті жанып кеткен

110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

29 тамыз таңғы сағат 06:02 шамасында Ақтаудағы «OTYRAR CITY» тұрғын үй кешенінің қасбетінен өрт шықты, деп жазады Egemen.kz lada.kz-ке сілтеме жасап.

Ақтауда көпқабатты үйдің қасбеті жанып кеткен

Фото: Жергілікті тұрғын түсірген

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, 1-10-қабаттар аралығындағы үйдің артқы жағындағы қасбет жанып кеткен. Өрт 2100 шаршы метр аумақты қамтыған. 

Өрт дер уақытында сөнідіріліп үйлерге өтпеген.

«Қызыл жалын сағат 06:18-де сөндірілді. Мамандар келгенге дейін ғимараттан 60 тұрғын өз бетінше шығып кеткен (оның 15-і балалар). Төтенше жағдайлар қызметінің күштері 15 адамды (оның 8-і балалар) эвакуациялады. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр», делінген қалалық әкімдік хабарламасында.

Тұрғын үйдің қасбетін «K7 group» құрылыс компаниясы қалпына келтіреді.