Қансыраған қарындасымыздың ел болып елеуге тұратын ерлігі – құтқарушылар апатқа ұшыраған ұшақты тауып алғанша байланысты үзбей, бағыт бергендігінде
20 қаңтар күні «Шатыркөл» кенішінің аумағында қайғылы оқиға болды. «Олимп Эйр» ЖШС ұшағы Балқаш – «Шатыркөл» кеніші бағытымен ұшып келе жатқан. Оның бортында жеті адам болды, үшеуі экипаж мүшелері. Қарлы далаға құлап, үйінді темірге айналған әуе көлігінен Әсем Шаяхметова ғана аман қалды.
«Аман қалды» деу, айтуға ғана оңай. Ал Әсем сол сәтте бірнеше жерден сынған аяғының ауырғанына қарамастан бір метрге жуық қасат қардың астынан шығып, қаза тапқан ұшқыштың ұялы телефонымен құтқару қызметіне хабарласып, орын алған әуе апаты жөнінде жедел ақпарат берген. Бұл да айтуға оңай. Өйткені, қатты соққыдан зардап шегіп, сансыз жарақаттардың салдарынан қансыраған қыздың әуелі Қызылорда облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаментіне, одан кейін Жамбыл облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментке хабарласуы ердің ерінің ғана қолынан келетін төзімділік. Бұл да айтуға оңай. Жаны сірі Әсемнің ел боп елеуге тұратын ерлігі – құтқарушылар апатқа ұшыраған ұшақты қашан тауып алғанша ұялы телефон арқылы байланысын үзбей, бағыт-бағдар беріп отыруында болып тұр. Өйткені, Әсем байланысты үзсе, қоюланып келе жатқан кешкі қараңғылық ызғарлы далада болған апатты құтқарушылар назарынан бүркеп қалар еді. Жетеудің ішінен жалғыз өзі аман қалған Әсем үшін әрі қарай айтудың өзі қорқынышты...
Бүгінде Әсемнің жағдайы жақсарып келеді. Ол ә дегенде, яғни оқиға болған жерден Шу ауруханасына жеткізілген кезде дәрігер-хирургтермен тілдесіп: «Аяғымды кеспеңіздерші», деп өтініпті. Бойжеткен тілегі, әрине, түсінікті. Бүгінде білікті дәрігер-хирургтер әуе апатынан аман қалған қыз, құдай қаласа, бір жылдан кейін аяғынан тік тұрып кетеді деп отыр.
Әсем – адам баласының басына қандай қиындық туса да үміт үзбеу керектігін бүгінгі жастарға өз ісімен үлгі ретінде көрсете білді. Ол өзінің қайсарлығы арқылы кешегі Әлия, Мәншүк әпкелерінің ерлігін қайталай алатын сіңлілері Қазақ елінде бүгінгі бейбіт заманда да бар екенін паш етті.
Әрине, қайсар қыз бұл үшін ешқандай құрмет іздеп, ешқандай атақ сұрамайды. Бірақ оның өжеттігін болашақ ұрпаққа тағылымды тәрбие ете білу үшін ел азаматтары есті тірлікке барып, Әсем үлгісін қалай құрметтеп, қандай марапатқа ұсынса да лайық деп ойлаймыз.
Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ,
жазушы.
Жамбыл облысы,
Шу ауданы,
Шатыркөл кеніші.

BaiQymyz фестивалі: Қарқаралыда ең үздік қымыз анықталды
Дәстүр • Бүгін, 20:38
Елордада екі шаруашылық құрылысы өртенді
Оқиға • Бүгін, 19:59
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31