Оқиға • 29 Тамыз, 2024

Елордада халықтың ақшасын жымқырған жиһаз жасаушы сотталды

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана тұрғыны өзін жиһаз жасаушы ретінде таныстырып, жиырма адамның 8,4 миллион теңгесін жымқырып кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz елорда прокуратурасына сілтеме жасап.

Елордада халықтың ақшасын жымқырған жиһаз жасаушы сотталды

Фото: Ашық дереккөз

Сот анықтағандай, Астана тұрғыны жұбайының атынан жеке кәсіпкерлік ашып, жиһаз құрастыру үшін өндірістік үй-жайды жалға алған. Одан кейін «Instagram» әлеуметтік желісінде жиһаз дайындау туралы хабарландыру бейнероликтерін жариялаған.

«Кәсіпкерлік қызметтің көрінісін жасай отырып, тапсырыс берушілердің үйіне келіп, өзіне тиесілі емес басқа жұмыстардың фотосуреттерін көрсетіп, жәбірленушілерді алдаған. Тиісті өлшеулер жүргізе отырып, жеке кәсіпкер атынан шарт жасасып, жәбірленушілерден тапсырыс сомасының 70% мөлшерінде алдын-ала төлем алып отырған», делінген сот хабарламасында.

Сотталушы сотта өз кінәсін мойындамаған.

Сот оны бірнеше рет алаяқтық жасағаны үшін 4 жылға бас бостандығынан айырған. Сотталған азаматтан жәбірленушілердің пайдасына материалдық шығын өндірілген.

Үкім заңды күшіне енді.