24 Қаңтар, 2015

Жерлеу рәсіміне қатысады

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасы бойынша Қос Киенің сақшысы, Сауд Арабиясының Королі Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Саудты жерлеу рәсіміне қатысады. Сенат Төрағасы Сауд Арабиясының жаңа короліне Қазақстанның Президенті көңіл айтқан жеке жолдауды жеткізеді. Сауд Арабиясының алтыншы Королі Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Сауд жұма, 23 қаңтарға қараған түнде қайтыс болды, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.