«Таза Қазақстан» • 29 Тамыз, 2024

Экология туралы функция

73 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Таза Қазақстан» сервисі енді «eGov mobile» қосымшасында қолжетімді. Функция әрбір азаматқа смартфонның көме­гімен өз қалаларын абаттандыру және экология мәселелері туралы хабарлауға мүмкіндік береді.

Экология туралы функция

Аталған электронды қыз­меттің көмегі арқылы тұрғын­дар экологиялық проблемалар­ды фотосуретке түсіріп, оны же­дел шешу үшін жауапты құры­лымдарға ақпарат бере алады.

Бұл қосымша іске қосылған сәттен бастап қазақстандықтар tazaqazaqstan.kz сайты және «TazaQazBot» телеграм-боты арқылы 1 500-ден астам өтінім берді. Бұл технологияны «eGov mobile» қосымшасымен біріктіру өтінім беру үдерісін одан сайын жеңіл әрі қолжетімді етеді.

Қосымша пайдаланушы­лары жолдардың, саябақ­тар­дың, кіреберістердің, жарықтан­дырудың, сондай-ақ қоғамдық және жеке аумақтардың сани­тарлық жағдайына қатысты мәселелердің кең ауқымы бойынша өтінімдер бере алады.

Одан соң барлық ақпарат опе­­раторға жергілікті ат­қа­­рушы органнан келіп түс­е­ді, ол оны жіктейді және орын­дау­шыны тағайындайды. Ал орындаушы жүргізілген жұмыс­тың қорытындысы бойынша фотосуретпен және түсініктемемен кері байланыс береді. Кейін өтінім берген азамат орындалған жұмыстың сапасын бағалай алады және бұрын берілген барлық өтінімдерді көре алады.

Айта кетейік, «eGov мobile» қосымшасының жаңа функ­ционалын Экология министр­лігі, сондай-ақ Цифрлық даму, инновациялар және аэро­ғарыш өнеркәсібі министрлігі «Ұлт­тық ақпараттық технология­лар» акционерлік қоғамымен бір­ле­сіп іске қосты.