24 Қаңтар, 2015

Көңіл айту жеделхатын жолдады

175 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Сауд Арабиясының Королі Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа Қос киенің сақшысы, Король Абдалла бен Әбдел Әзиз Әл Саудтың қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, – деп хабарлады Президенттің баспасөз қызметі. Жеделхатта сауд монархының қайтыс болғаны туралы хабарды Мемлекет басшысының зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған. Қазақстан Президенті Король Абдалланың өз өмірін Сауд Арабиясы халқының, бүкіл ислам жамағатының мүддесін қорғауға, адамзаттың әділдік пен ізгілік жолындағы дамуына арнағанын атап өткен. «Қазақстан халқы Король Абдалланы парасатты басшы, беделді саясаткер, екіжақты ынтымақтастықты нығайтуға орасан зор еңбек сіңірген тарихи тұлға ретінде әрдайым есінде сақтайтын болады», – делінген жеделхатта. Нұрсұлтан Назарбаев орны толмас қайғыға ортақтаса отырып, Қазақстан халқының және жеке өзінің атынан Салман бен Әбдел Әзиз Әл Саудқа және барша Сауд Арабиясы халқына көңіл айтты.