Спорт • 30 Тамыз, 2024

Ұлттық құрама Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады

71 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

XVII Жазғы Паралимпиаданың топтық кезеңіндегі алғашқы матчында  волейболды отырып ойнаудан Қазақстан ұлттық құрамасы Франция командасын 3:0 есебімен жеңді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Ұлттық құрама Паралимпиада ойындарын жеңіспен бастады

Фото: ҚР Туризм және спорт министрлігі

Еске сала кетейік, Париж Паралимпиадаcына 8 команда қатысады және олар екі топқа бөлінген.

А тобында Қазақстан Франция, Босния және Мысыр құрамаларымен кездеседі. Ал «B» тобы Иран, Украина, Бразилия және Германия құрамаларымен  бақ сынасады.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасының келесі ойыны 31 тамызда Астана уақыты бойынша 17:00-де өтеді.

Соңғы жаңалықтар