Қазақстан • 30 Тамыз, 2024

Қорғаныс министрі ел азаматтарын Конституция күнімен құттықтады

141 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстан халқын Конституция күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қорғаныс министрі ел азаматтарын Конституция күнімен құттықтады

Фото: Ашық дереккөз

«Құрметті сарбаздар мен матростар, сержанттар мен старшиналар, офицерлер мен генералдар! Ардақты ардагерлер!

Қадірлі отандастар! Сіздерді Конституция күнімен құттықтаймын!

Осыдан жиырма тоғыз жыл бұрын республикалық референдумда Қазақстан халқы жаңа Ата Заңға дауыс беріп, іргесі мықты құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекетті құру жолында тарихи қадам жасады.

Ата Заңда қазақстандық қоғамның материалдық және рухани өмірін жаңғыртудың стратегиялық мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін қоғам мен мемлекетті ұйымдастырудың басты қағидаттары бекітілген. Конституция халықтың бірлігін, қоғамдық және рухани келісімін нығайтып, егемендік пен саяси тұрақтылықтың кепіліне айналды.Іргесі берік және шекарасы мығым мемлекет құру үшін қашанда Қарулы күштердің рөлі зор.

Қазіргі уақытта әскеріміз елімізді сыртқы қауіптерден қорғаудың және халқымыздың тыныштығын сақтаудың кепілі.

Ел Президенті – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қ.К. Тоқаев жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін заманауи және кәсіби армия құруға бар күш-жігерді бағыттауда.

Бүгінде Қарулы күштер заманауи техникамен, оның ішінде отандық қорғаныс өнеркәсіп кешені өнімдерімен де жарақтандырылуда. Басқару жүйесіне жаңа технологиялар мен басқарудың жаңа жүйелері белсенді түрде енгізіліп жатыр. Әскерді даярлаудың қарқыны мен сапасы артып келеді. Қазақстан жауынгерлері халықаралық оқу-жаттығулар мен жарыстарда жоғары кәсіби деңгейін көрсетіп жүр.

Қарулы күштердің барлық жеке құрамын, ардагерлерді және барлық қазақстандықтарды Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Баршаңызға зор денсаулық пен отбасыларыңызға амандық тілеймін. Еліміздің гүлденіп, өркендеуі жолында жасап жатқан игі істеріңіз берекелі болсын», делінген құттықтауда.

Соңғы жаңалықтар

Орфандық ауру асқынып тұр

Медицина • Бүгін, 09:30

Он тілді меңгерген оқушы

Білім • Бүгін, 09:25

Орталық Азиядағы орта держава

Қазақстан • Бүгін, 09:02

Жүрек қағысын жетілдіру тәсілі

Медицина • Бүгін, 08:45

Дара да дана қайраткер

Тұлға • Бүгін, 08:40

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07

Күмбірлеп өткен күй ғұмыр

Тағзым • Бүгін, 08:05

«Пахтакор» – чемпион!

Футбол • Бүгін, 08:02

Отыз үйрек, бес қырғауыл

Аймақтар • Бүгін, 07:50